Арал жобасын қаржыландырған жапондықтар аудан ауылдары үшін 2 248 500 теңгенің медициналық жабдықтарын алып берді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - «Арал теңізі» қоғамдық бір­лес­тігі замана ағымына бейім­делген ұжымдардың бірі. Жуыр­да осы бірлестіктің «Арал теңізінің балық шаруашылығын қоғамдық басқару және олардың тұрақты тыныс тіршілігін қам­тамасыз ету» жобасы үлкен қолдау тапты.

Аталмыш жобаны жапондық қор қаржыландырады. Ол Қамбаш, Қосжар, Райым, Қызылжар ауыл­дарына құны 2 248 500 теңгені құрайтын медициналық құрал-жабдықтар берді. Ал Қы­зыл­жар, Шөмішкөл, Бөген, Мергенсай ауылдарындағы балабақшалар 7108 мың теңгенің заманауи құралдарымен жабдықталды. Аманөткел ауылы құны 2165 мың теңгенің жедел жәр­дем көлігімен қамтамасыз етілді.