Жекпе-жекті қарсыластар аяғынан тік тұрып өткізді, қозғалыс көп болды, соққылар кезекпе-кезек ауысып отырды. Диас Сильваны тепе-теңдіктен жаңылдыруға тырысты. Көп сөйледі, алайда Сильва оған мән бермей, соққыларын дәл тигізіп, раундтан раундқа өз басымдығын арттыра түсті. Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 50-45 есебімен Андерсон Сильваны жеңімпаз деп таныды.
Андерсон Сильва бір жыл бұрынғы алған жарақатынан кейін денсаулығын қалпына келтіріп, ойынға оралғанын атап өткен жөн, деп хабарлайды Vesti.kz.