Бұл жекпе-жек кештің басты айқасы болды. Жартылай жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын. Бірақ соңына дейін жетпей, бірінші раундта-ақ Қ.Дәуітбектің жеңісімен аяқталды: қазақстандық спортшы қарсыласының басына қатты соққы жасап, ауыр нокаутқа жебірді.
Осылайша, Қаршыға Дәуітбек кәсіби мансабында 12-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал Әли Юсефи 10-ыншы рет жығылып отыр.