НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері (ММА) Нұрберген Шәріпов (9-2) Мәскеуде өтіп жатқан ACA 111 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
61 келі салмақта Шәріпов Владикавказдан келген Тамерлан Кулаевтан (11-1) айласын асырды.
Жерлесіміз осымен оныншы жеңісіне қол жеткізіп отыр және екі жеңілісі бар.
Кулаев болса екінші рет жеңіліп отыр, оған дейін 11 жекпе-жекті өз пайдасына шешкен болатын.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.