Аралас жекпе-жек шебері видеода «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» сынды атақтар спортшыларға негізсіз берілгенін айтқан болатын.
Антикор бейнежазбаны мұқият тексеріп, Агенттіктің ұсынысы бойынша спортшылар спорттық атақтарынан айырылды.
Сондай-ақ құзырлы мекеме жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы бойынша Туризм және спорт министрлігіне жемқорлық деректерін жою, Е-sport Ұлттық цифрлық платформасын іске қосу сынды ұсыныстарын жолдады.
«Е-sport Ұлттық цифрлық платформасы спортшылар, инфрақұрылым, жарыстар мен жетістіктер туралы бірыңғай деректер қоймасын құрайды және спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров журналистерге арналған брифингте.