Кезінде ерен еңбегімен мемлекетіміздің іргетасын нығайтуға атсалысқан ақ жаулықты әжелер бұл күнде ел тәуелсіздігінің арқасында өздеріне көрсетілген жан-жақты қолдау мен қамқорлықты сезініп, әдемі қартаю бақытын бастан кешіруде.
23:23, 06 Наурыз 2017
Аралда әкім 107 жастағы әжейді мерекесімен құттықтады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Мереке қарсаңында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Арал қаласында тұратын жасы 107-ден асқан Ибайдуллаева Күлмараш әжені 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен арнайы құттықтап, ғасыр жасаған ғибратты ғұмыр иесінің қолын алып, хал-жағдай сұрап, құрметін көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.