Аралда балық аулауға шыққан үш жігіттің бірі мотоциклімен бірге суға кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Өткен демалыс күндері Арал ауданы Сексеуіл кентінен балық аулауға шыққан 3 азаматтың бірі суға батып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ОТЖД-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мамандарының айтуынша кенттің үш тұрғыны теңізге балыққа шығады. Жағалаудан шақырымнан аса ұзағанда жұқа мұз сыр беріп, ойылып кетеді. Оқыс оқиғадан аман қалған екі балықшы жағаға жеткен.  Ал мотоциклімен бірге су астына кеткен 45 жастағы азаматтың денесін Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мамандары алып шықты. 

Бұл оқиға қыс айларында көлдер мен айдындарда қауіпсіздік сақтық шараларын барынша сақтау қажеттігін көрсетіп отыр.