АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында бір отбасына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қылмыстық оқиғаны Қызылорда облыстық Полиция департаментінде растады.
«Арал ауданында орын алған қарақшылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысы бар күдіктілерді ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары өткізілуде. Қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - делінген Қызылорда облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.