Оған Арал ауданы әкімінің орынбасары Р.Өтешов пен «Барсакелмес» қорығы қызметкерлері қатысты.
Аталмыш жоба барысында Аралқұм елді мекеніндегі жергілікті жердің экологиялық жағдайын жақсартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге және тұрғылықты халыққа қиындық тудырып отырған жылжымалы құмдарды тоқтатуға арналған жұмыстар жүргізілді
Жоба аясында «Байтақ дала» ҚБ-ның тәжірибиесі негізінде жасалған ұсыныстарын басшылыққа ала отырып, жергілікті тұрғындар өз бетінше жылжымалы құмдарды тоқтатуды жүзеге асыруға мүмкіндіктер алып, мектеп оқушылары көшеттер отырғызу әдістерін игерді.