Аралда кісі қолынан көз жұмған полицейдің өліміне күдікті ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторының өліміне күдікті адам ұсталды.

Фото: Видеодан скрин

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол Арал ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.

— Бұған дейін хабарланғандай, Арал ауданында тұрмыстық жанжал барысында учаскелік полиция инспекторына дене жарақаттары салынып, соның салдарынан ол қайтыс болған. Оқиға болған кезде қызметкер еңбек демалысында болған. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында полицейдің мәйіті табылғаны белгілі болды.