Ішкі құрылымы жаңа жабдықтармен жабдықталған балалар бақшасы, 280 баланы қабылдауға мүмкіндік алды. Қазір мұндағы 5 топта 75 бала тәрбиеленуде. Олардың ойын бөлмесі мен жатын орындары жылы. Асхана да мұнтаздай тап-таза.
12:58, 18 Қаңтар 2011
Аралда «Мереке» атты балалар бақшасы күрделі жөндеуден өтті - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал қаласында «Мереке» атты балалар бақшасы күрделі жөндеуден кейін қайтадан бүлдіршіндерді қабылдай бастады. Бұл жұмыстарға «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде облыстық бюджеттен 65 098 мың теңге қаржы бөлінген еді.