Аралда полицей кәріз құдығындағы суға батқан сәбиді құтқарды

АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында тұратын полиция қызметкері Дәуренбек Жанайбеков кәріз құдығына құлаған бір жарым жастағы сәбиді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сол күніДәуренбек жұмысынан келіп үйде түс әлетінде демалып жатқан. Осы бір сәтте олсырттағы айқай-шуды естіді. Жалма-жан сыртқа шығып, оқиғаның жәй-жапсарынақанығып үлгерді.

Көрші үйдіңес біліп қалған баласы Дамир кәріз құдығы жақты нұсқады. Дәуренбек оның беті ашық тұрғанын көрді. Оның ішінде екі метрдей төменде сәби лас суғатүсіп кеткен екен.

«Лас суғатүсіп кеткен сәби біраз есін жоғалтып алған секілді. Әлсіз қолдарын ербеңдетіпқояды. Оны бірден ұстап алуға мүмкіндік болған жоқ. Құдық ішіндегі тымырсық ауада еркін қимыл жасауға мүмкіндік берер емес. Әйтеуір бүлдіршінді лассудан шығарып сыртта тұрған адамдарға беріп үлгердім», - деді Дәуренбек.

Кәріз құдығыішіндегі ауа оны әлсіретіп жіберді. Өзінің одан шығуға мүмкіндігі болған жоқ.Сол жерде есінен танып құлап қалды. Оны сырттағы жігіттер құдықтан шығарып алды. Одан кейін Дәуренбек ауруханада жансақтаубөлімінде ем алды. Құдықтағы судан құтқарылған балаға да дәрігерлер медициналықкөмек көрсетті.