АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Арал ауданында аса ірі мөлшерде сора өсімдігін өсірген тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сора егілген аймақАрал ауданына қарасты Жіңішкеқұм елді мекенінен шығыс бетке қарай 30 шақырымжерде болған. Есірткі алқабын Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріжүргізген «Көкнәр-2019» іс-шарасы барысында анықталды. Кейін күдікті ретіндеҚызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны ұсталды.
«Оқиға орнынажедел-тергеу тобы қызметкерлері 1 507 түп тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсасшөпті тәркіледі. Оның жалпы салмағы 252 келі. Аталған дерек бойынша ҚРҚылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3 -тармақтарымен сотқа дейінгітергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат Қызылорда қалалық Полициябасқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Қызылордаоблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.