Аралда тепловоз рельстен шығып кетті

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Арал қаласының теміржол вокзалының кіре берісінде тұз тиелген жүк пойызының тепловозы мен одан кейінгі 2 вагоны темір жолдан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Аралауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш оқиға 2019 жылдың 30шілдесі күні сағат 20.45 минут шамасында болды.

Жүк пойызы Аралауданы Жақсықылыш кентінде орналасқан «Аралтұз» акционерлік қоғамынан тұзтиелген 10 жүк вагонын алып келе жатқан. Оқыс оқиға салдарынан жүк пойызыныңтепловозы мен одан кейінгі 2 вагоны жолдан шығып кеткен.

«Осыған орайшұғыл кезек күттірмейтін шаралар қабылданды. Сексеуіл кентінен қайта қалпынакелтіру пойызы оқиға орнына келді. Қазіргі уақытта орын алған жағдайға байланыстытиісті жұмыстар жүргізілуде. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен адам шығыныжоқ. Сондай-ақ, теміржол пойызының жол жүру кестесіне кедергі келген жоқ.Жағдай толық бақылауда», - деп мәлім етті Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысыСая Ералиева ҚазАқпарат тілшісіне.


Соңғы жаңалықтар