Аралда үздік биология пәнінің мұғаліміне автомобиль берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Арал ауданында мұғалімдер арасында биология пәнінен өткен олимпиаданың бас жүлдегері «Lada Granta» көлігін мінді. Бұл туралы облыстық «Сыр бойы» газеті жазды.

Аталмыш байқауда ІІ-орын иеленген 2 мұғалімге - 500 мың теңгеден, ІІІ-орын иеленген 2 мұғалімге 300 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді. Олимпиада жүлдегерлеріне сыйлықтарды мерекелік шарада аудан әкімі Абзал Мұхимов табыстады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.