АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында заңсыз айналымдағы темекі өнімдері тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жұмыс Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің тексеруі кезінде анықталды. Шара барысында акциздік маркасы жоқ 11160 дана темекі өнімдері бөлшек саудада сатылып жатқаны белгілі болды.
«Көлеңкелі айналымға түскен акциздік маркалары жоқ темекі өнімдері түгелдей айналымнан алынды. Бұл істі қарау үшін Арал аудандық сотына жолданды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.