ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Арал ауданы, Бақтыбай батыр көшесінің бойында болды. Көше бойында «Жигули» және «Mercedes» көліктері соқтығысып қалған. Салдарынан екі адам көз жұмды. Олардың екеуі де - Арал қаласының тұрғындары.
«Автокөлікті жүргізу барысында жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз. Жолда жүргенде абай болыңыздар», - деді Арал аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Нұртай Тасқынбаев.
Еске салсақ, 15 қаңтарда Қызылорда облысында болған жол апаты 8 адамның өмірін қиып кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.