ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 8 тамызда сағат 18:45 шамасында болған. Арал қаласындағы Абай көшесінің бойында екі автокөлік соқтығысқан.
«Тексеру барысында «ГАЗель» жүргізушісі қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВМW маркалы автокөлігімен соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасынан ВMW автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылған. Жүргізуші аудандық ауруханада қайтыс болды», - деп мәлім етті Арал аудандық полиция бөлімінен.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында көлік апатынан екі адам қаза тапты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.