«Жолдаудағы «Саламатты өмір салтын ұстану және медициналық, кадрлық-технологиялық дамыту қазақстандықтардың өмір жасын 80 жылға дейін ұзартады. Қазақстан медициналық туризм саласы бойынша еуразиялық орталықтардың біріне айналады» деген сөздер мені ерекше қанаттандырды. Әсіресе, бұл Арал өңірінің жұртшылығы үшін айрықша мәнді.
Елімізде бұл мақсатқа жету жолында қазірдің өзінде ұлан-ғайыр жұмыстар атқарылуда. Аймақта өткен жылы ондаған денсаулық сақтау нысандары салынды», - деп атап өтті А.Асанбаев.
Оның сөзіне қарағанда, аудандағы медицина мекемелері заманауи құралдармен жабдықталып, облыс дәрігерлері бұрын шетелде жасалатын күрделі оталарды игерді. Осылайша тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігі артты.
«Тағы бір сүйсінерлігі, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделі енгізіледі. Сондай-ақ Жолдаудағы «Біз 1200 шақырымға созылған «Жезқазған-Шалқар-Бейнеу» теміржолын жүргізудеміз. Ол еліміздің Батысы мен Шығысын тікелей байланыстырып, көптеген аудандардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына әсер етеді» деген сөздердің біздің Сыр өңіріне де тікелей қатысы бар. Теміржол құрылысы жүргізілген сәттен бастап Арал ауданы да игіліктің жемісін көруде. Аралдықтар Елбасымыздың сара саясатын қолдап, Жолдауға іспен жауап беретін болады», - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері.