Лайнер Токиодан Вено аралы арқылы Папуа-Жаңа Гвинеяға бет алған. Ол ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, теңізге дейін 160 метр қашықтыққа сырғып кеткен. Жолаушылар мен экипаж мүшелері жеңіл жарақаттанды. Абырой болғанда, оларды сол маңда жүзіп жүрген қайықтардағы жергілікті балықшылар құтқарып қалған.
20:18, 28 Қыркүйек 2018
Аралға қонған ұшақ сырғыған күйі теңізге сүңгіген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында 47 адам болған Air Niugini әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы Микронезияда Чуук штаты аумағындағы Вено аралында жерге қону кезінде теңізге түсіп кеткен, деп хабарлайды euronews.