Аралға үміт оралуда - жасөспірімдер спорт мектебі оқу ісінің меңгерушісі Жүсіп Мәулен
18:28, 19 Қыркүйек 2011
ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Арал жыл өткен сайын көркейіп келеді. Бұл утралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында қаланың жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Жүсіп Мәулен хабарлады.
Бүгін «Менің Қазақстаным» ақпараттық-насихаттық пойызы Қызылорда облысының Арал қаласына келді.
«Тәуелсіздік жылдарында біздің қаламызда елеулі өзгерістер орын алды, жаңа мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салынуда. Менің ойымша, халықтың өмір сүйру деңгейі де елеулі түрде өзгерді», - деп атап өтті ол.
Қалалық жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісінің меңгерушісі атап өткендей, аймақта сонымен қатар жаппай спорт түрлерін дамытуға да басты назар аударылуда.
«Жуырда жаңа футбол стаионы ашылды. Біздің мектеп жаңашыл спорттық құралдармен жабдықталған», - деді Ж.Мәулен.