"Аралтұз" акционерлік қоғамында заманауи үлгі­дегі екі тұз қалталау авто­маты іске қосылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - "Аралтұз" акционерлік қоғамында заманауи үлгі­дегі екі тұз қалталау авто­маты іске қосылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай Халық Республикасынан алын­ған бұл жаңа технологиялық қондырғы сағатына 3,5 тонна қалталанған ас тұзын шығарады. Құрылым басшылығы сапалы өнім өндіретін мұндай автоматтың тағы да екеуін алуды жоспарлауда. Сондай-ақ қаңтар айында Челябі трактор зауытынан 16,5 млн. теңгеге «Б-10М» маркалы тракторы алынды.