«Аралтұз» Арыс тұрғындарына қаржылай көмек көрсетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Аралтұз» АҚ Арыс қаласының тұрғындарына өз қаражаты есебінен бір күндік жалақы қорынан материалдық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, зауыттың 500-ден астам қызметкері«Аралтұз» АҚ басшылығының бастамасына қолдау білдірді және зардап шеккентұрғындарына көмек көрсету үшін бір күндік табысын қосымша қорға аударды.

«Біздің кәсіпорын да әлеуметтік жауапкершіліктісезіне отырып, барлық қазақстандықтар үшін қиын кезеңде отандастарымызға қолдаукөрсетуді жөн санайды», - деді «Аралтұз» АҚ президенті А.Тауасаров.

«Аралтұз» АҚ - Қазақстандағы өнеркәсіп пен тұзнарығында көшбасшы, сондай-ақ тұз өндіретін ТМД-дағы үш ірі компанияның бірі.Қазіргі уақытта «Аралтұз» АҚ өнімдерінің 75 пайыздан астамы Ресей Федерациясы,Қырғызстан, Әзірбайжан және Украинаға экспортталады. 2019 жылдың біріншітоқсанының қорытындысы бойынша «Аралтұз» АҚ ресейлік ас тұзы нарығында 18пайыздан астам нарық үлесін алады.

Соңғы жаңалықтар