18:05, 08 Маусым 2009
Аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мақсаты көзделіп отыр
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Еліміздің Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізіледі. Осы мақсатты көздеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыға
шығаруға дайын. Бұл жөнінде Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті өз қорытындысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасы халықаралық төрелік және аралық іс қараудан мемлекеттің және оның мүлкінің иммунитеті, сондай-ақ аралық соттың және коммерциялық төреліктің құзыретін шектеу, шешімдерді қолданысқа енгізу, орындау және тоқтата тұру және де басқа бірқатар мәселелерді заңнамалық реттеуге бағытталған.Заң жобасы Қазақстанның Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер енгізеді.Енді бұл заң жобасы Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне шығарылады.