Аранбуру «Vuelta de España» екінші кезеңінде алғашқы бестікке ілікті

БУРГОС. ҚазАқпарат - Бүгін «Вуэльта Испания» көпкүндік веложарысының екінші кезеңінде спортшылар пелотон спринттік маршруты бойынша 166,7 шақырымды бағындырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кезеңде «Alpecin-Fenix» командасынан ​​бельгиялық Жаспер Филипсеннің мерейі үстем болды. Екінші нәтиже-«Deceuninck-Quick Step» командасынан голландиялық Фабио Якобсенның еншісінде. Үшінші орында –«BikeExchange» мүшесі австралиялық Майкл Мэтьюс.

Астаналық жүйрік Алекс Аранбуру мәре сызығын бесінші болып кесіп өтті. Александр Власов кезеңді 17 -ші болып аяқтады, Горка Исагирре 34 -ші, Луис Леон Санчес - 46, Йон Исагирре - 60, Омар Фрайле - 126, Юрий Натаров - 141, Оскар Родригес - 142.

«Вуэльта де Эспанья». Екінші кезең

Калеруега - Бургос. 166,7 шақырым

1. Яспер Филипсен (Бельгия, «Alpecin -Fenix») - 3:58:57

2. Фабио Якобсен (Нидерланды, «Deceuninck-Quick Step»)

3. Майкл Мэтьюс (Австралия, BikeExchange)

5. Алекс Аранбуру (Испания, Астана)

17. Александр Власов (Ресей, «Астана»)

34. Горка Исагирре (Испания, Астана)

46. ​​Луис Леон Санчес (Испания, Астана)

60. Йон Исагирре (Испания, Астана)

126. Омар Фраиле (Испания, Астана) - 1: 00

141. Юрий Натаров (Қазақстан, «Астана») - 2: 16

142. Оскар Родригес (Испания, Астана)

Жалпы есеп:

1. Примож Роглич (Словения, «Jumbo -Visma») - 4:07:29

2. Алекс Аранбуру (Испания, Астана) - 0: 04

3. Майкл Мэтьюс (Астралия, «BikeExchange») - 0: 10

7. Александр Власов (Ресей, Астана) - 0: 14

19. Йон Исагирре (Испания, Астана) - 0: 23

22. Горка Исагирре (Испания, Астана) - 0: 25

29. Луис Леон Санчес (Испания, Астана) - 0: 27

93. Омар Фраиле (Испания, Астана) - 1: 23

140. Оскар Родригес (Испания, Астана) - 2: 39

167. Юрий Натаров (Қазақстан, «Астана») - 3: 28.