Турнирге 7 өңірден 40-қа жуық спортшы қатысады. Жарыстың мақсаты – арбадағы теннис спорт түрін дамыту, қатысушылар арасында үздік спортшыларды аңықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу.
Ел біріншілігі 27 шілде күні сағат 10:00-де «Дәулет» теннис орталығында басталады.
Айта кетейік, арбадағы теннис – елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Бұл спорт түрінен алғаш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өтті. Оған 6 өңірден 20 спортшы қатысты.