Әрбір 10-шы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіппен аяқталды - Қ.Мәми

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әрбір 10-шы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіппен аяқталды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мәлім етті.

ҚР Жоғарғы сотындағы сот органдары судьяларының 2015 жылы сот төрелігін атқару қорытындысына арналған кеңейтілген мәжіліс барысында ол өткен жылы соттар істерді 2,5 пайызға артық аяқтағанын, сот актілерінің абсолюттік көпшілігі заңды әрі негізді деп танылғанын баса айтты.

«Жаңа қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың жағдайларында соттарға түскен барлық қылмыстық істердің үш бөлігінен астамы қылмыстық теріс қылықтарды құраған. Әрбір оныншы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіпте аяқталды. 1423 іс бойынша жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеу жүргізілді», - деді Жоғарғы сот төрағасы.

Қ.Мәмидің атап өтуінше, кінәні мойындау туралы мәмілелер бойынша да белгілі тәжірибе қалыптасып отыр. Келісімдік іс жүргізуге қарау үшін 2,5 мыңнан астам қылмыстық іс түскен.