«Сайлау туралы» Заңға сәйкес, сайлаушылардың тізімін жергілікті атқарушы орган құрастырады. Аталған тізім әр адамның тұрғылықты жері бойынша тұрғындардың мемлекеттік базасы негізінде жасалады. Оған белсенді сайлау құқығы бар: 18 жасқа толған, қабілетті, бас бостандығынан айыру орындарында емес Қазақстан Республикасының азаматтары қосылады. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады», - Ж. Жұмағұлов елорда әкімдігінің баспасөз орталығындағы брифингіде.
Оның айтуынша, уақытша тіркеуі бар азаматтар олар жергілікті атқарушы органға (ЖАО) берген жазбаша өтініші негізінде ғана сайлаушылар тізіміне енгізілуі мүмкін.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын, яғни 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған нысанға келу мүмкiндiгiнің болмайтыны белгiлi болса, ол өзiнiң болатын жерi бойынша ЖАО-ға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқылы. Бұл ретте, ЖАО азаматты тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен алып тастауды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады.
«Әрбiр азамат сайлаушылар тiзiміндегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегендігi, дұрыс енгiзiлмегендігi немесе тiзiмнен шығарып тасталғандығы, сондай-ақ тiзiмдегi сайлаушы туралы деректерде жаңсақ ақпарат жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы», - деп түсіндірді Жұмағұлов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласында 354 сайлау учаскесі бар: 5 аумақтық және 349 учаскелік.