Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет айтты.
Оның хабарлауынша, ҚР Әділет министрлігінің www.minjust.kz сайтында 80-нен астам заң актілері бар «Заң жобалары» атты базаның интернет-нұсқасы іске қосылған. «Енді, әрбір азамат заң жобаларының мәтінімен танысып қана қоймай, өз ұсыныстары мен түсініктемелерін қалдыра алады. Олардың барлық ұсыныстары уәкілетті қызметкерлермен қаралатын болады», - дейді Е.Ерімбет.
17:23, 21 Ақпан 2011
Әрбір азамат заң шығару жұмысына қатыса алады - ҚР Әділет министрлігі
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Әділет министрлігінің сайтында әрбір азамат заң жобаларының мәтінімен танысып қана қоймай, өз ұсыныстары мен түсініктемелерін қалдыра алады.