деп хабарлайды ҚазАқпарат.
И.Тасмағамбетов қазіргі күні орта білім беретін мектептерде болып жатқан үрдістер нәтижеге бағытталмағанын өкінішпен айтып: «Мұғалімдер кей жағдайларда балаңыздан түк шықпайды деп қынжылады. Педагогтың оқыту технологиясы нақты қойылған болса, денсаулығында кінәраты жоқ әрбір баланы ойлауға, жасампаздыққа, ізденуге және түсіністікке үйретуге болады. Педагогика басқа мамандықтар сияқты технологиялы болуы керек», - деп атап өтті.
Әкімнің айтуынша, көпір салмақ болған инженер мен үй саламын деген сәулетші өз істеріне кіріспес бұрын не істейтіндерін және оның нәтижесі қандай болатынын алдын-ала жоспарлап алады. «Өкінішке қарай, баланы оқытуды қолға алған дәстүрлі ұстаздарымыз нәтиженің неден болатынын және оның қандай болатынын білмейді. Мектеп - жеке тұлға мен рухани құндылықтардың қалыптасуына септігін тигізіп, өмірлік тұспалдарға бағытталған жаңа әлеуметтік және азаматтық бағдарлардың негізін қалауы тиіс. Бұның бәрі 12 жылдық білім беру стратегиясында жіті айқындалған», - деді ол.