Министрдің айтуынша, қазіргі кезде мүгедектерді жұмысқа орналастыру шаралары «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылады. «Сондықтан осы уақытқа дейін жұмысқа тұру бойынша өтініш білдірген әрбір екінші мүгедек жұмысқа тұрғызылды», - дейді Т.Дүйсенова. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде бағдарлама бойынша 1500 мың мүгедек әлеуметтік келісімшартқа қол қойды. Олардың 294-і тұрақты жұмыс орнына ие болды. Сондай-ақ 100-ге жуық адам шағын несие алды.
17:38, 21 Қараша 2013
Әрбір екінші мүгедек жұмысқа тұрды - министр Т.Дүйсенова
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінде әрбір екінші мүгедек жұмысқа орналасты. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген мәжілісінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай айтты.