«Облыстың өндірістік әлеуетін нығайтуға алюминий кластері мен «Павлодар» еркін экономикалық аймағы айтарлықтай үлес қосуда. Олардың қызметі өңірдегі экспорттық мүмкіндіктерді нығайтуға бағытталған», - деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның Павлодар облыстық ардагерлері мен еңбек ұжымы өкілдерімен кездесуде.
Оның сөзінше, бүгінде мұнда үш жаңа индустриялық аймақ салынып жатыр.
«Мұның барлығы Павлодар облысының ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға аса зор үлес қосуына мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, әрбір экономикалық көрсеткіштің артында, ең алдымен, қарапайым адамдардың әл-ауқаты тұруы тиіс. Бұл - Үкімет пен әрбір әкімнің жұмысындағы басты мақсат пен негізгі басымдық болуы керек», - деп атап өтті Қазақстан Президенті Павлодар облысыа сапарында.
Автор: Антон Гагарин