Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Темекі түтінінен айрылған Қазақстан» ұлттық коалициясының директоры Жәмилә Садықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұйым жетекшісі атап көрсеткендей, бүгінгі таңда Қазақстанда 4,2 млн. азамат темекі шегеді. Ал соңғы 10 жылдың ішінде сол азаматтардың темекіні тұтыну көлемі 4 есеге ұлғайды. «Мәселен, 1998 жылы елімізде темекі шегетін әрбір азамат жылына 666 дана темекі тартса, бір жылдан кейін бұл көрсетікіш екі есе өсіп, 1305 дана темекіге дейін жетті. Бүгін болса, әрбір шегетін адам жылына 3000 темекіні тартып тастайды. Бұл дегеніміз, шегетін және шекпейтін әрбір қазақстандық азамат күніне 7,2 сигареттен тартады деген сөз. Бұл өте қауіпті жағдай», - дейді Ж.Садықова.