- Жұлдыз Сейітқамзақызы, алдымен қызметтеріңіздегі нәтижелерге тоқталсаңыз?
-Жыл сайын үш мыңнан астам елорданың және Қазақстанның өңірлерінен келген адамдар стационарда ем қабылдайды. Сонымен бірге 111 мыңнан астам консультациялар мен 800 мыңнан астам зертханалық зерттеулер жүзеге асырылады. Ем қабылдаушыларға сапалы қызмет көрсету мен оларға қолайлы жағдай жасау үшін Орталықта балаларды қабылдауға арналған жеке кабинеттер ашылды, яғни витилогоны (теріде ақ дақтардың пайда болуы), шаш дерттерін емдеу, аллергологтың, эндокринологтың кабинеттері жұмыс істеуде. 2015 жылдың 5 айында 6 382 баланы қабылдадық, ал 2014 жылы жалпы 6 374 баланы қабылдауға мүмкін болған еді. Өткен жылдың күзінен бастап жұмыс істеп жатқан витилого проблемасы бойынша кабинет аталған дертке шалдыққан 300 ден астам адамды қабылдады.
- Жыл сайын елорданың медициналық мекемелерінде жаңа технологиялар мен емдеу әдістері енгізіледі. Осы орталықта бұлардың қайсысы пайдаланылуда?
- Бүгінде тері ауруларын емдеудің қазіргі заманғы әдістерінің бірі фототерапия болып табылады. Бұл әдіс фотосенсибилизаторлармен үйлесу арқылы ұзын толқынды ультра күлгін сәулелермен теріге әсер етеді. Осы орайда түрлі тері ауруларын ұзақ мерзімге бетін қайтаруға және клиникалық нәтижеге мүмкіндік жасалады. Қолжетімді бағамен қызмет көрсетудің түрлі бағыттары бойынша қала тұрғындары мен қонақтарына есептелген дерматокосметологиялық бөлім ашылды. Оның ішінде жасөспірімдердің безеулі бөртпелерін емдеу әдістері қамтылған. Сонымен қатар бізде ресурс үнемдегіш технологиялар енгізілуде. Мәселен, 2014 жылы күндізгі стационарда кереует орындары 20-ден 40-қа дейін жеткізілді. Осы тұрғыда энергия үнемдегіш технологияларға көшу жүзеге асырылды. Кейбір қызметтер аутсорсингке ауыстырылды.
- Ауруды алдын ала ескерту үшін көптеген медициналық мекемелер профилактикаға екпін қояды. Орталықта профилактиканың қандай әдістері енгізілді?
- Дерматовенерологиялық бағыттағы дерттердің профилактикасы бойынша шаралар кешені, жұқпалы тері дерматоздарының анықталған ошақтарында медициналық тексерулер өткізу біздің Орталық жұмысының ажырамас бөлігі. Жылына екі рет созылмалы тері дерттері бар адамдарды диспансерлеу шаралары жүргізіледі. Ашық есік күндеріне ерекше назар бөлеміз. Сол күндері тұрғындарға теріні күтіп ұстауға, дұрыс тамақтануға байланысты ақпараттар беріледі. Сондай-ақ терапиядағы инновациялар туралы, теріні күтудің жаңа әдістеру жөнінде кеңестер жасалады. Осындай акцияларды жыл сайын дәстүрлі түрде өткіземіз.
Жұқпалы тері дерматоздарының профилактикасы үшін ошақтарда эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылады. Ағымдағы жылы 51 эпидемиялық ошақ тексерілді. 14 орта мектеп пен балабақшада медициналық тексерулер жүргізілді.
Тұрақты түрде халықты жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпараттандырып, оның салдары мен профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Жыл басынан бері 10 мың ақпараттық буклеттерді даярлап, оларды емханалар мен перзентханаларға, стационарларға тараттық. Мұнымен қоса, орталық мамандары қаланың мектептерінде, колледждерде және жоғары оқу орындарында дәрістер оқыды.
- Орталықта бүгінде қанша маман жұмыс істеп жатыр?
-Біздің ұжымда 170 адам қызмет етуде. Оның ішінде 44 дәрігер бар болса, соның біреуі медицина ғылымының докторы, екеуі ғылым кандидаты. 2015 жылы біздің қызметкерлер Астана әкімі мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі атынан құрмет грамоталарымен марапатталды. Біздің ұжым жылдар бойы тұрақты жұмыс істеп келеді. Персоналды ынталандыру - медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған негізгі қадамдардың бірі болып табылады. Нәтижелерге орай тоқсан сайын қызметкерлерді ынталандыру, сыйақы беру жүзеге асырылады.
-Сіздерде диспансерлік есепте қанша емделуші тіркеуге қойылған?
-2015 жылдың 5 айында тері патологиясымен аурулардың диспансерлік тобы 654 адамға жетті. Оның ішінде 54 пайызы псориазға шалдыққан болса, 16,2 пайызында витилиго дерті, ал қалғандары терінің қабынуы, қышыма және басқа да аурулар бойынша науқастар. Айта кетейік, соңғы жылдары көп жағдайларда адамды мүгедек ететін тері ауруының ауыр түрін тіркеу жағдайлары жиілеп кетті. Қазіргі кезде тері ауруының ауыр түрімен 11 емделуші есепте тұр. - Жүрек-қан тамырларынан кейін әлемде көш бастап тұрған дерттердің арасында тері аурулары да бар. Ал бұл мәселеде еліміздегі ахуал қалай қалыптасып отыр? -Тері және теріасты аурулары науқастылық құрылымында (3,6 пайыз) тоғызыншы орында тұр. Жалпы республика бойынша осы дерттердің төмендеуі үдерісі байқалуда. Мәселен, егер 2012 жылы 100 000 халыққа шаққанда 3753,9 жағдай тіркелсе, 2013 жылы - 3653,4, ал 2014 жылы - 3611, 4.
- Күндізгі стационар үлкен сұранысқа ие және науқастардың жоғары деңгейдегі кәсіби қызмет көрсетуге ризашылықтарын білдіріп отырғандығын байқадық. -Күндізгі стационар шынымен де үлкен сұранысқа ие болып отыр. Емделушілерге үйден немесе жұмыстан алыстамай ем қабылдау, сонымен қатар жоғары білікті мамандандырылған көмек пен тегін дәрілерді алу қолайлы екені анық. Медициналық персонал қарқынды жұмыс істеп көзге түсуде. Көбінесе бізге созылмалы терінің шектеулі формаларына, аллергиялық дерматиттерге,сондай-ақ қышыма және өзге де дерттерге шалдыққандар келіп жатады. Біз өз кезегімізде науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге тырысып бағудамыз.
- Әңгімеңізге рахмет!