Әрбір өңірде өзінің инновациялық орталығы болуы тиіс - Ә. Исекешев

None
ыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев әкімдерге, ұлттық компанияларға және министрліктерге өздерінің бүкіл бағдарламаларында жекелеген инновациялық-технологиялық бөлімдерді қарастыруды және олардың әрқайсын жеке қорғауды ұсынды.

«Әрбір басшы өзінің ағымдағы стратегиялық міндеттерін көруі тиіс. Бұл міндеттің қатарында энергияны үнемдеу, экология, басқа да мәселелер болуы мүмкін. Сөйтіп, әрбір басшы осының негізінде өзі бақылап отыратын инновациялық жоғары технологиялы жобалардың айқын тізімін жасауы тиіс», деді ол. Осы орайда, Ә . Исекешев әрбір өңірде өзінің инновациялық орталығы болуы тиістігін атап көрсетті. Бұндай орталықтар технологиялар трансферті, саланы дамыту мәселелеріне жетекшілік жасайтын болады.