Әрбір оныншы ресейлік ешқашан кинотеатрда болмаған

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейліктердің жартысы киноға бармайды, ал елдің 13 пайыздан астам тұрғыны кинотеатрда тіпті болмаған.

Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының мәліметтеріне қарағанда, ресейліктердің 36 пайызы ғана киноға барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ел тұрғынының 6 пайызы ғана айына бірнеше рет киноға барады, ал 15 пайыз ресейлік жылына бірнеше рет кинотеатрға бас сұғады, жалпы халықтың 7 пайызы екі жылда бір рет кинотеатрда болатын көрінеді. Басқаларға қарағанда, жастар мен тұрмысы жақсы ресейліктер киноға жиі барады. 18-24 жас аралығындағы азаматтар (олар 18 пайыз) айына бірнеше рет жаңа кинофильмдерді тамашалайды. Сауалнамаға қатысқан егде адамдар (28%) киноға бармайды немесе кинотеатрға мүлдем бас сұқпайды (25%).