Бүгін 5-ші шақырылған Парламенттің екінші сессиясын ашу барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
«Менің тапсырмам бойынша елімізде ұлттық скрининг бағдарламасы орындалуда. Онда күрделі ауруларды науқастың алғашқы сатысында анықтауға мүмкіндік жасалады. Күллі еліміз бойынша жаңа емдеу орындары мен мектептердің құрылысы жалғасын табуда. Осының барлығы менің тапсырмам бойынша Үкіметтің атқарып жатқан жұмысының нақты нәтижелері болып табылады», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Президент осы қарқыннан тынбау қажеттігін баса айтты.