Әрбір сұрақ бойынша тиісті жауап әзірленетін болады - Елбасы

sp;АСТАНА. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін мен уқыттың тығыздығына байланысты халық тарапынан түскен барлық сауалдарға жауап бере алмаймын. Бірақ әрбір мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, әрбір сауал бойынша жауап әзірленетін болады. Бүгін Ақордадан «тікелей желіге» шыққан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен ол бойынша арнайы тапсырма беремін. Әрбір сұрақ бойынша қолға алынған іс-шаралардың жай-жапсары бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп, әрбір мәселеге жауапты министрлер теледидарға шақырылып, халыққа жауап беретін болсын.

Құрметті қазақстандықтар, мен бүгін Сіздермен тілдесіп, өздеріңіздің жылы сезімдеріңіз мен тілектеріңізді сезініп отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл әрине маған қолдау болмақ»,-деді тікелей желінің қорытынды сөзінде Н.Назарбаев.