деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, кең көлемді акцияға елдегі жастар ұйымдарының барлығы атсалыспақ.
«Шараның басты мақсаты - Қазақстан халқының құқықтық санасының деңгейін көтеру, сонымен қатар бүкіл елге елеулі мереке Конституциямыздың, Ата Заңымыздың 15 жылдығын атап өту», дейді Ш. Байманов.
ҚР Конституциясының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында жасалып жатқан акция барысында жер-жерлерде ерікті топтар құрылады. Жастар ұйымдарының еріктілері адамдарға түсіндірме жұмыстар жүргізіп, ҚР Конституциясының электрондық нұсқалары және Ата Заң жайында танымдық хабарамалар мен брашюралар таратылатын болады.
«Шара аясында біз халқымыздың 50 пайызын қамтимыз. Қазіргі уақытта волонтерлік базалар жасақталуда. Оларға елдің барлық жастар ұйымдары қатыстырылуда», деді Ш. Байманов.
Акциядан соң Қазақстанның Жастар конгресі тұрғындардың арасында Конституцияның негізгі қағидаттарына деген білімдерін тексеру үшін, әлеуметтік сұраулар жүргізуді жоспарлауда.
Қазақстанның Жастар конгресі бұның алдында «Заң және мен» тақырыбында дөңгелек үстелдер мен студенттер мен ҚР Парламентінің депутаттарымен кездесулер өткізіп, «Қазақстан - құқықтық мемлекет» атты флеш-моб акцияларын ұйымдастырған болатын.