Таратылған мәліметтерге қарағанда, жүргізілген талдаудың нәтижесінде жолдардағы апаттылық жағдайы салдарынан адам шығынының саны азаймағандығы анықталды.
«Статистикалық мәліметтердің динамикасы жол-көлік оқиғаларының өсімін байқатады. Мәселен, 2013 жылы олардың саны 65 пайызға артып, 23 мыңнан асып түскен. Апаттардың салдарынан үш мыңнан астам адам қаза болған, оның 273-і балалар. Бес мыңнан астам баланы қоса алғанда, 33 мыңға жуық адам жарақат пен зақым алған», - делінген Бас прокуратураның мәліметінде.