Әрбір дауыс шешуші рөл атқарады – Саябек Сахиев

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев атом электр станциясына қатысты өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді.

Фото: Ядролық физика институты

«Бүгін – тарихи күн. Қазақстан халқы еліміздің энергетикасының келесі ондаған жылдың болашағын айқындайтын таңдау алдында тұр. Әрбір дауыс шешуші рөл атқарады. Президент референдумда дауыс беріп, еліміздің тарихындағы осы сәттің маңыздылығын атап өткен болатын», - деді Саябек Сахиев. 

Ол қазақстандықтарды маңызды таңдауға қатысуға шақырды.

«Еліміздің болашағы – біздің қолымызда. Бүгін қабылдаған шешім тұрақтылық пен өркендеуді ұзақ жылға қамтамасыз етеді деген сенімдемін», - дейді институт басшысы. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЭС бойынша референдумда дауыс бергенін жазған болатынбыз. 

БАҚ өкілдерімен шағын сұхаты барысында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысына баға берді.