«Мұның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтың 21 пайызын әйелдер жасаған. Есепті кезеңде өндірілген айыппұлдардың жалпы сомасы - 146 млрд теңге. Айыппұлдың көбі жол қозғалысы ережелерін сақтамау түріндегі құқық бұзушылықтарға қатысты тіркелген. Ал, әрбір үшінші айыппұл (барлық айыппұлдардың 39%-ы) жүргізушілердің белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін (Әкімшілік кодекстің 592-бабы) салынған», — делінген мәліметте.
Сондай-ақ жол белгілеріне бағынбау немесе жолда белгіленген талаптарды сақтамау жиі кездеседі (Әкімшілік кодекстің 601-бабы). Соңғы бір жылда мұндай құқық бұзушылықтар 1,9 миллионнан астам рет (18%) тіркелген.
Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда жол ережесін бұзған 200 астам жаяу жүргінші жауапқа тартылғанын жазғанбыз.
Биыл Павлодар облысындағы автобус жүргізушілері жол ережесін 300 мәрте бұзған.