Кеме Ресейдің Әскери-Теңіз күштерінің «Ладный» кемесінің күзетімен Новоресей айлағына бет алған болатын, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Arctic Sea бортында капитан, аға көмекші, механик және боцман қалған. Олар айлаққа қыркүйек айының ортасына қарай жетуі керек.
Естеріңізге сала кетейік, 15 адамнан тұратын ресейлік экипаж мінген Arctic Sea кемесі жұмбақ жағдайда екі аптадан астам уақыт жоғалып кеткеннен кейін тамыздың 16-сында Атлантикада табылған болатын. Ресейдің Қорғаныс министрлігі кемені Эстония, Латвия және Ресейдің сегіз азаматы басып алғанын мәлім етті. Олардың барлығы тұтқындалды.