«Бізге тағдыр осы күнді көруді нәсіп еткен екен. Қаншама жастар соғыста отбасын да құрмастан қыршынынан қиылды», - деп ойымен бөлісті ардагер.
«Өз Отаныма тілейтінім, қазақстандық жастар өз мемлекетіне лайықты тұлға болып қалыптасып, ғылым, еңбек шыңын бағындырып, өз халқына адал қызмет етсе деп тілеймін», - деді ол.
Ахат Бекмәді Мәскеу түбіндегі, Курсктегі айқасқа қатысқан. I және II дәрежелі Отан соғысы ордені мен «Германиядағы жеңісі үшін» медалімен марапатталған.