Ардагер конькиші әлемдік рекордты жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық конькиші Владимир Костин +35 жас категориясында 3 мың метрге жүгіруден әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлайды.

Қазақстандықтың уақыт көрсеткіші - 3.57,49.

Костин Masters санатындағы бұл рекордқа Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан көпсайыстан әлем чемпионатында қол жеткізді. Осымен 24-рет өтіп жатқан Masters International Allround Games турниріне әлемнің 11 елінен 142 спортшы бақ сынауда.