Ардагердің автокөлігін жөндеп берді
Бүгін қайта жаңарған көлік ардагерге салтанатты жағдайда тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлы Отан соғысының ардагеріне «Таврия» жеңіл көлігі осыдан 10 жыл бұрын сыйға тартылған екен. Содан бері көлік оң аяғын соғыста оқ жұлған мүгедек-ардагердің ең жақын көмекшісіне айналған. Алайда соңғы 3 жылдан бері тозығы жеткен «Таврия» бұзылып, ардагер ары-бері жүруден қалған. Мереке қарсаңында қарияға қалалық мәслихат депутаты хабарласып, жаңа көлік алып беруді ұсынған. Әйтсе де ардагер «ескі досын» жөндеп беруді өтініпті. «Көліктің барлық бөлігі ауыстырылды. Қазір бұндай көліктер шығарылмайтын болғандықтан қосалқы бөлшектерін табу қиынға соқты. Қиындыққа қарамастан ардагерге берген уәдемізден бас тартпадық. Қазір қарияның көлігі су жаңа деуге лайық. Жөндеу жасаған мекеме 2 жылға кепілдік берді», дейді ардагерге демушілік танытқан қалалық мәслихаттың депутаты Олег Печеник.
Бір қызығы, 88 жасар ардагер қарттығы мен мүгедектігіне қарамастан әлі күнге дейін көлікті өзі жүргізеді. Бүгінгі шарадан соң да ол қайта жасарған көлігінің тізгінін қолына ұстап, Алматының көлігі көп көшесіне бет түзеді.