Ардагердің үйі жөндеуден өткізілді - Павлодар

ПАВЛОДАР. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысына қатысқан павлодарлық ардагер Алексей Сальниковтың пәтері аймақ басшысы Ерлан Арынның тапсырмасымен қысқа дайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Жалғызбасты ақсақалдың пәтерінде құбырлар ауыстырылды, ескі терезе жақтауларының орнына пластикалық шыны пакеттер орнатылды. Жөндеу жұмыстары бойынша барлық шығындарды қалалық мәслихат депутаты, «Мирас-ПВ» ЖШС-нің директоры Сандуғаш Қалижанова төледі.

Енді Алексей Яковлевичтің үйінде жылы әрі жайлы болады, ол бағдарламаларды демеуші сыйлаған жаңа заманауи теледидар арқылы көретін болады. Ардагерге жасалған көмек - бизнестің адамдар және қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын дәлелі.

Алексей Яковлевич тұрмыстық түйткілдерді шешуде қамқорлық көрсеткені үшін депутатқа өз алғысын білдірді.