Ардагерлер «Таза Қазақстан» науқанына қатысты

Фото: Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталып, көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі іс-шарада қаланың тазалығына ардагерлер үлес қосты.

Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

Аға буын өкілдері жас буынға үлгі көрсетті деуге болады. Абай саябағына жиналған белсенділер «Ұрпақтар сабақтастығы» атауымен ата мен немеренің бірлесіп атқарған еңбегіне куә болды.

Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

Осындай үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараға қаладағы мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

– Өз қаламызға қамқорлықпен қарау – әр азаматтың борышы. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін, – Кенжехан Төлебаев.

Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы

350-дей адам қатысқан тазалық жұмысында қариялар мен ардагерлер ерікті жастарға тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстарына қол көмек беріп, ақылдарын айтып, жол көрсетті. Әсіресе қариялар осындай игі істің Ұлы жеңіс күні қарсаңында өткеніне қуанышты.

Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы
Фото: Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы