деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сапардың негізгі мақсаты - ынтымағы жарасқан Ресей мен Қазақстан арасындағы достықты нығайта отырып, Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлының туғанына 100 жыл толуына арналған игі істермен мәскеуліктерді таныстырып, екі ел арасында тәжірибе алмасу. Сонымен қатар облыстан шыққан батырлар есімін жас ұрпаққа дәріптеу, жастарға патриоттық тәрбие беріп, майдангерлеріміздің ерлігін мәңгілік жадыда сақтау.
Осы тұрғыда «Нұр отанның» облыстық ұйымы «Ардагерлерді ардақтайық!» Республикалық шарасы аясында «Жеңіске жол ашқан панфиловшылар» атты олардың ұрпақтарымен және майдандастарымен жүйелі кездесулер ұйымдастыруда.
Кездесу барысында панфиловшылар ұрпақтарының жасаған ұсынысы бойынша ҰОС-ның ардагері Николай Новохатский, «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Садық Әбдіқадыров, Төлеген Мұсабеков, Тілеухан Есболатов, Александр Бондаренко сынды ҰОС ардагерлерінің немерелері Ресейге аттанып кетті.