Парламентші ардагерлерді атаулы мерейтоймен құттықтады, содан кейін құрыштай шыңдалған қариялардың қоғамдық өмірдегі рөлін айрықша айта келіп, бірқатарына марапаттарды табыс етті.
Сонымен қатар депутат Қазақстан Президентінің ел халқына арнаған Жолдауы туралы ойларымен бөлісті. Жолдаудағы айқындалған міндеттердің маңыздылығына тоқталды. Елбасы Жолдауындағы тапсырмалардың орындалуы ел дамуындағы жаңа кезеңге көтерілуіміздің негізі екенін жеткізді. Зейнетақы жүйесін жетілдіру үшін жинақтаушы зейнетақы қорын тиімді пайдаланудың маңызды болатыны айтылды.